AI & Digital Bridge 2026: USTEM Foundation гуманоидтар мен робот-иттерді көрсетті

Қор жаңалықтары

Астанадағы AI & Digital Bridge 2026 форумында қордың инженерлері адам кейпіндегі роботтар мен робот-иттерді таныстырды. Оған дейін, 24–25 қыркүйекте, AI Month 2026 аясында USTEM Foundation AI & Digital Bridge Cup жарысын өткізді.

24–25 қыркүйек 2026 — AI Month 2026 аясында USTEM Foundation Alem.ai алаңында AI & Digital Bridge Cup жарысын өткізді: FIRST Tech Challenge маусымының алғашқы турнирі, Қазақстан мен Өзбекстаннан 35 команда. AI Month бағдарламасына FIRST Tech Challenge және FIRST LEGO League Future Edition бағыттары енген.